жабык

Қамырды таңдаңыз

ПАН+ 100 тг.
ЖҰҚА ҚЫТЫРЛАҚ ҚАМЫР+ 100 тг.
ПАТШАЛЫҚ ПИЦЦА+ 100 тг.
ХОТ ДОГ ПИЦЦА+ 100 тг.
Тесто с начинкой+ 100 тг.

Пиццаның көлемін таңдаңыз

Компания туралы

 

PIZZA HUT – әлемдегі пиццерия желілерінің ішіндегі ең ірісі, ол 100-ге жуық елде шоғырланған 34000-нан астам сауда орындарын қамтиды. Бүгінде YIM Brands корпорациясына кіретін брендтің негізін 1958 жылы Канзас штатының Уитчито қаласында ағайынды Дэн және Фрэнк Карни қалаған. Ол пиццаның америкалық нұсқасын, сондай-ақ пастаны, тауық қанатын, сарымсақты нан және тағы басқа да көптеген дәмді тағамдарды жасауға маманданған!

 

Pizza Hut екі түрлі мейрамханаларға жіктеледі: отбасылық түскі асқа арналған Pizza Hut және фастфуд (яғни жылдам тамақ) сататын Pizza Hut Экспресс Отбасылық пиццериялардың фаст-фудтан айырмашылығы – оның мәзірі сан алуан, отыратын орындары мен қызмет көрсетуші жұмыскерлері көп. АҚШ-тан тыс жердегі алғашқы Pizza Hut мейрамханасы он жылдан кейін Канадада ашылған.

 

Енді Pizza Hut ресми түрде Қазақстанға да келіп жетті! Бұл дегеніміз – бірнеше онжылдықтың ішінде пицца әлемінің классикасы атағын иеленіп, аты аңызға айналған фирмалық рецепт бойынша жасалатын пиццаның дәмін татып көре алатын жерлер енді бізде де бар деген сөз.

ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТІЛЕР
PIZZA HUT МЕЙРАМХАНАЛАР ЖЕЛІСІ ӘЛЕМДЕ ІРІМШІКТІҢ ЕҢ ІРІ ТҰТЫНУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ЖЫЛ САЙЫН БІЗ ӨЗІМІЗДІҢ 1,5 МИЛЛИАРД ПИЦЦАМЫЗҒА 140 000 000 КИЛОГРАММ ІРІМШІК ҚОСАМЫЗ.